Түркістан облысында ауылдарды сумен қамтуға 20 млрд теңге бөлінді

94

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түркістан облысында ауылдарды сумен қамтуға 20 млрд теңге бөлінді Фото: Trendnews

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

лімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

Үкімет Түркістан облысында сумен жабдықтау желілерін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд-тан астам теңге бөлді.

Қазір өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр. Қор қаражатынан Жібек жолы, Шеңгелді, Ақ үй, Қаратөбе, Жуантөбе, Жаңадәуір, Есікқорған, Құйған, Ақсу ауылдарындағы сумен жабдықтау жобаларына 4,2 млрд теңге бөлінді.

Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында да жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы магистральді су құбырын жаңарту жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған еді. Бұл жоба 260 мыңнан астам халқы бар 66 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу