Түркістан облысында ауызашар кезінде газ баллоны жарылды

1107

6 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Түркістан облысында ауызашар кезінде газ баллоны жарылды

Сайрам ауданында 9 мамыр күні ауызашар кезінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жарылыс салдарынан сегіз адамды күйік шалды. Барлығы да Сайрам аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Үшеуінің жағдайы аса ауыр, оның бірі – 5 жастағы бала.

"6 адам жансақтау бөлімінде. Науқастарға барлық медициналық көмек толық көрсетілуде. Олардың жағдайы бірқалыпты болған жағдайда, облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырылады", – деп хабарлайды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу