Түркістан облысында автожол салу кезінде 2,2 млрд теңгені жымқырмақ болғандар анықталды

129

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Түркістан облысында автожол салу кезінде 2,2 млрд теңгені жымқырмақ болғандар анықталды Фото: obruchev.mos.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері жемқорлық тәуекелдерін жою және автожолдар саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу процестерін талдау барысында бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасасу фактілері анықталды.

Әкімдіктер төтенше жағдайлардың салдарын жою немесе зияткерлік меншік объектілерін сатып алу қажеттілігі сылтауымен нақты мердігерлерді іріктеп алған.

Бұл конкурстық процедураларды айналып өтуге және жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық беруге мүмкіндік берді.

Бұл ретте орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға күтпеген шығыстарға арналған шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстардың 177 млн теңгеге қымбаттауына алып келді.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсады.

Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығыстарды алып тастады, сондай-ақ қаржыландыру бөлінбестен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол бермейтін заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу