Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

545

Оңтүстік өңірлерде көктемнің нышаны біліне бастады. 

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды Фото: «Сырдария-Түркістан» МӨТП

Алғашқы гүлдер табиғаты ерекше қорғауға алынған ұлттық парктердің аумағында байқалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала мен ауыл аймақтардағы аллеяларда өсіп шыққан. Табиғат қорғаушылар бұл құбылысты күн райының жылынуынан болған қалыпты жағдайға балап отыр.

"Қазір Оңтүстік өңірлердің барлық аумағында бәйгешек гүлдеп жатыр. Бұл көктемнің алғашқы белгісі деп білеміз. Биыл күн райы жылы болғандықтан қаңтар айында бәйшешек бүр жарған болатын. Енді жақын арада қызғалдақтар ашыла бастайды. Бәйшешек суыққа бейімделген гүл. Қар жауып, күн суытып жатса, үсіп қалмайды. Тіршілігін жалғастыра береді", - деді "Сырдария-Түркістан" МӨТП-нің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу