Түркістан облысында бақташы малдың бір бөлігін сатып жіберген

693

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 11 млн теңгеден асады.  

Түркістан облысында бақташы малдың бір бөлігін сатып жіберген Фото: nur.kz

Түркістан облысында малдың бір бөлігін сатып жіберген бақташы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Ордабасы полициясына жергілікті тұрғын отар қойының ішінен 221 бас қой мен 3 бас сиырдың жоғалғанын айтып арызданған. Жәбірленуші биыл тамыз айында өз малын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Арада 3 айдан соң малды түгендеп санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысы бар бақташыны – Ордабасы ауданының тұрғынын ұстады.  Оның бұрын істі болғаны белгілі болды.

"Күдікті ер адам малдың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты. Бүгінгі таңда бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органы қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу