Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай уланып қалды

427

Қазір тамақтан уланған балалардың саны 34-ке жетті. 

Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай уланып қалды Фото: freepik

Оқиға Келес ауданында болды. 24 маусым күні таңғы астан кейін, яғни сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Содан бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсеткен. Қазір ауруханаға түскен балалардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.

"Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайы Түркістан облысы білім басқармасының назарына алынды. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды", - делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу