Түркістан облысында балабақшалар жұмысын тоқтатты

942

Елдегі төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бақшадағы балалардың саны екі есе азайған.

Түркістан облысында балабақшалар жұмысын тоқтатты

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысындағы қаулысы негізінде 20 наурыздан бастап барлық балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Елдегі төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бақшадағы балалардың саны екі есе азайған.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері жылдық жоспарына сәйкес кезекті еңбек демалысына шығады. Ал өзгелері еңбекақысы сақтала отырып, демалысқа жіберілді.

Қазіргі таңда облыста 1447 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Оның 998-і жекеменшік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу