Түнгі уақытта қарумен шабуыл жасағандар ұсталды

479

Түркістан облысында отбасыға қарумен шабуылдаған екі жігіт ұсталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Түнгі уақытта қарумен шабуыл жасағандар ұсталды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қарақшылық шабуылдың құрбаны болғаны жөнінде хабарлама түсірген.

Анықталғандай, қарақшылар жәбірленушілерді қарумен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Тексеру кезінде жәбірленушінің айтуынша, үйіне белгісіз екі ер адам кіргені белгілі болды. Сол сәтте диван үстінде ұйықтап жатқан үй иесі оянып кетіп, сезіктілерден кім екенін сұрай бастайды. Алайда күдіктінің бірі оның аузын жауып, дауыс шығармауына әрекет етеді. Осы сәтте үй иесінің әйелі оянып кетіп, ол күйеуіне төніп тұрған күдіктіге жармасады. Осындай арпалыс кезінде күдіктілердің бірі қолындағы пневматикалық қарумен оқ атып, үйден қашып кетеді. Нәтижесінде, үй иесі жарақат алды.

Жедел уәкілдер күдікті екі ер адамның жеке басын анықтады. Жинақталған ақпарат көздері арқылы одан әрі іздестіру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары, күдіктілерді тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Аталған келестік тұрғындар бір-біріне туыс, жұмыссыз жас жігіттер болып шықты. Олар полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде сезіктілерден айғақты зат ретінде пневматикалық қару тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу