Түркістан облысында бидай алқабының 44 пайызы орылды

1285

94 мың гектардан 183 мың тонна астық жиналды.

Түркістан облысында бидай алқабының 44 пайызы орылды

Жалпы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерден өнім алғанда, 463 мың тонна бидай алу жоспарлануда. Астық оруға қолда бар 1012 дана астық комбайндардың  90-95% дайындалып, жинау жұмыстарына кіріскен, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Астық жинау жұмыстарымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарынан бүгінгі таңға 211,4 мың тонна картоп, 553,3 мың тонна көкөніс, 592,4 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен басқа облыстарға және шетелге экспортталуда. Жыл соңына дейін 2,7 млн тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр.

"Түркістан облысында биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 823 мың гектарға егілді. Бұл 2018 жылдан 9,8 мың гектарға артық. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға сәйкес арпа – 1,8 мың гектарға артып, 40 мың га, дәндік жүгері – 2,2 мың гектарға артып, 46 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 5,9 мың гектарға артып, 119,8 мың га, мал азықтық 15,9 мың гектарға артып, 205,8 мың гектарды құрап отыр. Ал бидайдың егіс көлемі биыл 218 мың гектарға жетсе, майлы дақылдар – 96,8 мың га, мақта – 129 мың га егілді. Алдын ала жасалынған болжамдық есеп бойынша 218,6 мың га масақты дақылдардың әр гектарынан орташа  21,2 центнерден жалпы 462 мың тонна өнім алу күтілуде", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу