Түркістан облысында білім бөлімінің басшылары мен бухгалтерлер 4 млрд теңге жымқырған

166

Түркістан облысы Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкері мемлекет қаражатын аса ірі көлемде иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында білім бөлімінің басшылары мен бухгалтерлер 4 млрд теңге жымқырған Фото: Polisia.kz

Қылмыстық іс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.

Сот анықтағандай, 2021–2023 жылдар аралығында бөлімнің басшылары мен мектеп бухгалтерлері бірлесіп, мектептерде жұмыс істемейтін адамдардың атына жалақы аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген.

Іс бойынша негізгі айыпталушылар:

– бөлім басшысы М. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену) айыпталды;

– бөлім басшысы Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену), 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 4-бөлігімен (аса ірі көлемде пара беруге айдап салу) айыпталды;

– бөлім есепшісі Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылғанмүлікті иемдену), 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) айыпталды;

– 43 есепші ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену).

Сот үкімі бойынша:

Негізгі сотталушы Ш. мен М.-ға тиісінше 9-жыл және 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚК-нің 74-бабының талаптарына сәйкес, Ш.-ның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты, жазаның өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

– 2 сотталушының әрекеті ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

– 34 сотталушыға ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен жалпы 5 жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Оның ішінде: 

– 4 сотталушыға ҚК-нің 74-бабының талаптарына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, олардың жазаны өтеу мерзімін 5 жылға кейінге қалдырды;

– 18 сотталушыға ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептелді;

– 12 сотталушыға нақты мерзім тағайындалды.

– 8 сотталушыға ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен/189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Шығынды өндіру және оның мөлшерін анықтау, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібіне қалдырылды

– Жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың жасы, отбасылық жағдайы, бұрын сотты болмағаны және келтірілген шығынның бір бөлігін қайтаруы есепке алынды. Атап айтқанда, 43 сотталушы 800 млн теңгеден астам қаржыны мемлекетке қайтарады. Шығынды толық өндіріп алу және оның мөлшерін нақтылау азаматтық сот өндірісі шеңберінде қаралатын болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, – делінген сот хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу