Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Ленгер қаласында бір қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Қапал батыр көшесінде болған. Өрт салдарынан ғимараттың 30 шаршы метр шатыры зақымданған. Нысанның жалпы аумағы 300 шаршы метрді құрайды.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндірді. Құтқарушылар жалынның ғимараттың басқа бөліктеріне таралуына жол бермеді.
Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу