Түркістан облысында бір күнде үш адам иіс тиіп қайтыс болды

1060

Түркістан облысында бір күнде үш адам иіс тиіп қайтыс болды

Түркістан облысында бір күнде үш адам газдан уланып көз жұмды. Қайғылы жағдайлар Сайрам және Жетісай аудандарында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық газ таратушы мекеменің хабарлауынша, 10 қараша күні  таңғы сағат 10:40-та  кезекші бөлімге жеке үйлердің бірінде екі адамның иістен уланып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен мекеме қызметкерлері пәтер жалдап тұратын 18 жастағы екі жігіттің қаза тапқанын анықтаған. Дәл осы күні Сайрам ауданындағы Қарасу ауылында да иістен улану жағдайы тіркелді.  62 жастағы азаматтың өлі денесі жеке үйлердің бірінен табылған. Мамандар баспанаға қолдан жасалған жылыту пеші орнатылғанын айтады. Газ тарату қызметінің өкілдері екі жағдайда да үй жылыту құрылғыларының талапқа сай орнатылмаулары адам өліміне себеп болуы мүмкін деп отыр. Қазіргі таңда бірнеше сараптамалар тағайындалып, тексеру шаралары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу