Түркістан облысында бір отбасынан 7 адамға иіс тиіп уланды

117

Үй иесі әкімшілік жауапқа тартылды.  

Түркістан облысында бір отбасынан 7 адамға иіс тиіп уланды Фото: Видеодан скриншот

Зардап шеккендерді дәрігер тексеріп, жағдайлары тұрақты болған соң үйлеріне жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылындағы үйлердің бірінде болған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғаға үйдегі жылыту пешінің ақауы себеп. Пешке тасталған заттар мен көмір түтіні үй ішіне тарап, тұрғындар уланған. Үйде 7 адам тұрып жатқан, олардың бесеуі бала. Зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілді. Олардың жағдайы қалыпты.

Мамандардың айтуынша, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін үй иесі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша жауапқа тартылды.

– Мұндай жағдай кез келген үйде болуы мүмкін. Сол себепті жылыту маусымында пештер мен түтін жүретін құбырлардың жұмысын тұрақты түрде тексеріп тұру керек. Ақау байқалса, өз бетіңізше жөндеуге тырыспай, міндетті түрде мамандарға жүгініңіз. Үй-жайларда улы газдың бар-жоғын анықтайтын датчик болғаны жөн. Әрқайсыңыздың қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды. Осы оқиғадан сабақ алып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, – деді Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Жасұлан Айнабек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу