Түркістан облысында анасы мен 2 баласы газға уланып қаза тапты

596

Жеке тұрғын үйден олардың жансыз денелерін марқұмның әріптестері тапқан.

Түркістан облысында анасы мен 2 баласы газға уланып қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Олар есікті бұзып кіріп, үшінші баланы аман алып үлгерген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Шұбарсу ауылында болған. Онда 38 жастағы балабақша тәрбиешісі шағын үйді жалдап, 3 ұлымен бірге тұрған. Күйеуімен ажырасқан.

Көршілерінің айтуынша, оқиғаға дейін әйел мұржаны тазаламақ болған, алайда үлгермей қалған. Таңертең жұмысқа келмеген соң, әріптестері алаңдап, іздеуге шыққан.

"Әріптестері келген кезде есік жабық болды, үйдің ішінен телефонның қоңырауы мен ыңырсыған дауыстар естілген. Олар есікті бұзып кіргенде, ішіндегілердің көбі жан тапсырған екен. Бір бала ғана әрең тірі болған, оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті", – дейді туысы Жамбыл Даулетов.

Әйелмен бірге 5 және 7 жастағы ұлдарының да мәйіттері табылды. Үшеуі де жерленді. Тірі қалған жалғыз адам – әйелдің 13 жастағы үлкен ұлы. Қазіргі таңда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Бұған дейін мамандар бұл үйге кіріп, үй иесіне өрт қаупі болуы мүмкін тәуекелдер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Алайда осындай жағдай орын алды. Алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін бүкіл ауылдық округ бойынша ықтимал қауіпті шаруашылықтарды анықтау жұмысын күшейтуді жоспарлап отырмыз", – деді Шұбарсу ауылдық округі әкімінің орынбасары Ғабит Аман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу