Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық тұрақты бағыттардағы рейстер саны 50%-ға қысқартылып, өңірдегі бірнеше автовокзалдың жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атап айтқанда, жолаушылар көп шоғырланатын 4 автовокзалда: (Ленгір қаласындағы "Тау жұлдызы", Жібек жолы елдімекеніндегі "Дархан", Түркістан қаласындағы "Түркістан орталық", "Яссы") және 9 автобекеттің (Кентау қаласындағы "Транзит сервис", Арыс қаласындағы "Арыс", Сарыағаш ауданы Жібек жолы елдімекеніндегі "Сайран Жібек жолы", Сарыағаш қаласындағы "Сарыағаш", "Сау Бол", Отырар ауданы Шәуілдір елдімекеніндегі "Нәлібек", Жетісай қаласындағы "Жаз", Түркістан қаласындағы "Мерей", "Алтын орда") қызметі карантиндік режим аяқталғанша уақытша тоқтатылды.