Түркістан облысында бірнеше рет мал ұрлағандар ұсталды

507

Заттай дәлелдемелер ретінде ГАЗель автокөлігі мен 3 бас мал тәркіленді.

Түркістан облысында бірнеше рет мал ұрлағандар ұсталды Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығының 8 фактісіне қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер қылмыстық әрекетін алдын ала жоспарлап, жайылымдарда адам жоқ екеніне көз жеткізіп, малдарды ұрлаған. Сосын оларды ГАЗель көлігіне тиеп, Сайрам, Сарыағаш ауданы және Тараз қаласының мал базарларында сатқан.

Мал ұрылары қылмыстық жолмен тапқан пайдасын өзара бөліскен. Полицейлер күдіктілердің Қазығұрт ауданында жасалған мал ұрлығының 8 фактісіне қатысы барын дәлелдеді. Заттай дәлелдемелер ретінде ГАЗель автокөлігі мен 3 бас мал тәркіленді.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп, ұсталған адамдардың Түркістан облысының аумағында жасалған басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", делінген Polisia.kz хабарламаcында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу