Түркістан облысында биыл 331 мың тонна шитті мақта жиналады

659

Өңірде күзгі егін жинау жұмыстары қорытындыланды.

Түркістан облысында биыл 331 мың тонна шитті мақта жиналады

Биыл Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты өсім сақталып, көктемгі және күзгі дала жұмыстары өз мерзімінде атқарылды. Егіс көлемі 17 мың га артып, 846 мың га-ға жетті, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

"Масақты дақылдардан 513 мың тонна дән жиналып, 64 мың тоннаға артқан. Көкөніс, картоп, бақша өнімдерінен 3 млн тонна жиналып, 400 мың тоннаға артты. Мал азықтық дақылдардан 3,9 млн тонна өнім жиналып, 1,5 жылдық мал азығы қоры жинақталды. Мақта дақылы 126 мың га алқапқа егіліп, 331 мың тонна шитті мақта жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнде 30 пайызы жиналды",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, Қазығұрт ауданы, "Шарбұлақ" ауылдық округінде далалық семинар өтіп, шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, агробизнес өкілдері, аудан, қала әкімдері мен шаруалар қатысты. Барлық аудандардың ірі агроқұрылымдары арнайы шақырылып, тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар облыста жаңадан қолға алынған нөлдік өңдеу жүйесі, яғни айдалмаған жерге дақылдарды тікелей себу технологиясымен күздік астық егудің куәсі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу