Түркістан облысында биыл халық саны 1,4 пайызға өсті

868

2020 жылдың ІІ тоқсанында Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 301 теңге болды.

Түркістан облысында биыл халық саны 1,4 пайызға өсті

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 036 029 адамды құрады. Оның ішінде қалалық жерде 412 819 адам (20,3%), ауылдық жерде 1 623 210 адам (79,7%) бар. Өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда халық саны 1,4%-ға өскен. Республика бойынша туу мен табиғи өсім көрсеткіштері жоғары өңірлердің қатарында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.

2020 жылдың ІІ тоқсанында Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 301 теңге болды.

"Ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында 243 324 теңге болып белгіленсе, ең төмен жалақы Сарыағаш ауданында – 137 498 теңге көлемінде. 2020 жылғы ІІ тоқсанда ең жоғары айлық жалақы "Қаржы және сақтандыру" саласында 220 355 теңге болып белгіленсе, ең төмені жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында – 70 121 теңге. Облыста азық-түлік тауарларының бағалары 7,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары 3%-ға, ақылы қызметтер 5,5%-ға қымбаттаған", – деді департамент басшысы.

Сонымен қатар 2020 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 770 млрд теңге болып, нақты көлем индексі бойынша облыс республикада бірінші орынды иемденген. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлесі – 19,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 14,6%, білім беру 12,7%-ды алып отыр.

Биылғы жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Түркістан облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 414 млрд 53 млн теңгеге жетіп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 66,7%-ға артқан. Негізгі инвестициялық салымдардың 86,2%-ын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу