Әзірге Түркістан облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты, блокбекеттер қойылмайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санититариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түркістан облысында жеке азаматтардың той-мерекелерді атап өтуі толастар емес. Сондықтан пандемия уақытында облыс тұрғындарын жалпыға ортақ тәртіпті сақтауға шақырды.
"Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес, 3 қарашадан бастап облыс аумағындағы мал базарлары санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, 30%-дан асырмай толтырумен, аптаның жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Түркістан облысы бойынша 31 мал базар бар. Олардың ішінде қазіргі таңда 3-еуі жабық (ЖК "Нұрсұлтан", ПК "Султан","Алжан-Агро" ЖШС). "Infokazakhstan" сайтына мал базарлардан ашылуға 16 өтініш түсті, оның 7-еуі қаралып, 4-еуіне жұмыс істеуге рұқсат берілді (Қазығұрт, Ордабасы, Келес, Төлеби), 3-еуі қайтарылды, 9-ы қаралуда", – деді облыстың бас санититариялық дәрігері.