Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

1199

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы осы іске байланысты тиянақты тергеу жұмыстарымен айналысуда. 

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz .

Түркістан облыстық Полиция департаментіне Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданып, үш ер адам қорқытып, шамамен төрт миллион теңге ақша талап еткенін айтқан.   

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Полиция департаменті мен ҰҚКД жедел бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлерінен бірден бірлескен топ құрылды. Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, атқарылған жұмыстар аясында осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды.   

Бірлескен жедел іс-шаралардың нәтижесінде тұрғылықты жері бойынша тоғыз адам ұсталды, олар Қазығұрт, Келес және Сарығаш аудандарының тұрғындары.

Күдіктілердің төртеуі ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ал үшеуі бұрындары бұзақылық, адамды ұрлау және террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту үшін сотталғандары анықталды.

Бүгінде төртеуі сотпен қамауға алынып, бесеуі қолхатта. Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер нөмірлік белгісі зақымдалған шолақ мылтық пен металл кастетті тауып, тәркіледі. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыстық топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу