Түркістан облысында браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіленді

210

Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

Түркістан облысында браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіленді Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлері "Уылдырық" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, 156 құқық бұзушылықты анықтады. Браконьерлерден 580 кг балық, шамамен 1500 м балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен тәртіп сақшылары балық инспекторларымен бірлесіп, Ордабасы ауданынан Арыс қаласының екі тұрғынын анықтады. Олардан қайық пен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

"Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері Бөген, Көксарай және Шардара сияқты өзендер мен су қоймаларын қараусыз қалдырған қайықтар мен балық аулау торларынан тазарту жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу