Түркістан облысында бұрын сотталған азамат тағы істі болды

388

Ол көршісінің қорадағы жылқысын ұрлап кеткен.

Түркістан облысында бұрын сотталған азамат тағы істі болды Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысында бұрын сотты болған азамат көршісінің қорада тұрған жылқысын ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті түнгі уақытта көршісінің құны 700 мың теңге болатын жылқысын ұрлап кеткен.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды. 

Ұрлықты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Олар жақын маңдағы барлық жайылымдар мен көрші ауылды аралап, іздестіру іс-шараларын жүзеге асырды. Жедел-іздестіру нәтижесінде тәртіп сақшылары орта жастағы күдікті ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. Ол бұрын сотты болған жәбірленушінің көрші ауылдасы болып шықты. Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта ешкім жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің қорасындағы жылқыны жымқырған. Содан кейін ол ұрланған малды сатпақшы болған. Десе де, полицейлердің қырағылығының арқасында ұрланған жылқы тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. 

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу