Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайынан насыбай өндіретін цехты анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Егде жастағы ер адамның ауласындағы сарайынан 2000 келі болатын 40 қап насыбай өнімі мен оны дайындайтын құрылғылар табылды.
Елімізде насыбайдың денсаулыққа зиян және жағымсыз әдеттердің бірі екені айтылып, құқық қорғау органдары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу