Түркістан облысында дала өрті сөндірілді

2425

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. 

Түркістан облысында дала өрті сөндірілді Фото: Вечерний Алматы

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 13 шілде күні сағат 01:30-да 112 пультіне "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өгем филиалына қарасты Келес орманшылығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Осыған байланысты құрамына орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері кірген жедел штаб құрылған.

"Өрт сағат 05.50-де оқшауланып, сағат 08.00-де сөндірілді. Алдын ала ауданы 2 гектарды құрайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге орман шаруашылығынан 48 адам мен 8 бірлік техника, облыстық ТЖД-дан 45 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу