Түркістан облысында дәрілік шөп жинаумен айналысқан 100-ден астам шетелдік анықталды

106

Шетел азаматтарының басым бөлігі елден шығарылды.

Түркістан облысында дәрілік шөп жинаумен айналысқан 100-ден астам шетелдік анықталды Фото: klau.club

Сондай-ақ, бес қазақстандық азамат шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, Арыс ауданындағы Қожатоғай және Монтайтас ауылдық округтерінде "кеурек" жинаумен айналысқан 68 шетелдік азамат ұсталса, сот шешімімен олардың 54-і елден шығарылып, 14-іне айыппұл салынды. Тамыз айында өткізілген рейд барысында тағы 14 шетелдік заңсыз әрекетпен ұсталып, олардың ісі аудандық сотқа жолданды.

"Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтаумен бірге, жергілікті тұрғындарға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады", – делінген Түркістан облысы полиця департаменті таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу