Түркістан облысында демалыс күндері 3 жасөспірім суға кетті

1020

Шомылу маусымы басталғалы белгіленбеген аумақта суға түсу тоқтар емес, салдарынан адамдардың суға кету оқиғасы орын алуда.

Түркістан облысында демалыс күндері 3 жасөспірім суға кетті

Демалыс күндері Түркістан облысында 3 жасөспірім суға кетіп, мерт болды. Төтеншеліктердің мәліметінше бақилық болған жасөспірімдер белгіленбеген аумақта шомылған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Атап айтқанда, Түркістан қаласы аумағына қарасты Арыс каналында 21-ші шілде күні тиым салынған жерге шомылу кезінде, суға батқан 2004 жылы туылған баланың денесін тауып, шығарып алған.

Сондай-ақ Шардара ауданы, Мелде би ауылы маңындағы Сырдария өзенінен "Жедел құтқару жасағы" ММ-нің күшімен, 22 шілде күні тиым салынған жерге шомылу кезінде, суға батқан 2002 жылы туылған бала мен 1998 жылы туылған Б.К.-нің денесін тауып, шығарып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу