Түркістан облысында дизель тапшылығы байқалды

512

Жанар-жағар май құю бекеттерінде дизель отыны белгілі бір шектеулермен сатылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысында дизель тапшылығы байқалды

Дизель отынына кезек "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистралінің бойындағы автожанармай құю станцияларында және Өзбекстан Республикасымен шектесетін Оңтүстік аудандарда байқалды. Бұл жағдайға дизельдік отынға сұраныстың маусымдық ұлғаюы мен көршілес елдерге транзиттік жүк тасымалына сұраныстың артуы себеп болған.

"Бұл мәселе қыркүйек айының ортасында шешіледі деп күтіледі. Ірі жанар май құю бекеттерінде жағдай тұрақты. "Гелиос", "Газпромнефть", "ҚазМұнайГаз" жанар май құю бекеттерінде дизель отыны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес шектеусіз сатылымда. Ал, кейбір жанар май құю бекеттерінде шектеулер бар. Мәселен, "Sinooil", "TS ОңтүстікМұнайСауда", "Мунай Инвест Групп" бекеттерінің кейбір бөлімшелерінде талонмен беріліп жатыр", - деді Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақова.

Айта кетейік, Түркістан облысының аумағында АИ-92 маркалы бензин еш кедергісіз сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу