Түркістан облысында егіс алқабында өсірілген қарасора табылды

214

Өсімдіктер сараптамаға жіберілді.  

Түркістан облысында егіс алқабында өсірілген қарасора табылды Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер 70-тен астам қарасора өсімдігін тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қарасора-2025" жедел-алдын алу шарасын өткізу аясында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз егу дерегін анықтады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Түлкібас ауданының тұрғындарынан егіс алқабында егілген қарасора тәрізді 75 түп өсімдігін тапты.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу