Түркістан облысында екі аудан тұрғындары жарықсыз қалды

Оған өңірде соққан дауыл себеп.  

Түркістан облысында екі аудан тұрғындары жарықсыз қалды Фото: google

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бәйдібек пен Сауран аудандарында екі мыңнан аса абонент электр жарығысыз қалған.

Желілерді жөндеу жұмыстарына "Оңтүстік жарық" мекемесінің 6 бригадасы – 48 адам мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні әлі басылар емес.

"Облыстық ТЖД-да арнайы штаб құрылып, арнайы комиссия жұмысқа кірісті. Аудан, қалалардың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті", – деп хабарлады Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу