"Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекені Ө.Тілеубаев кошесі №1-17 үйлерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", – деп көрсетілген аталған ауылдық округ әкімінің шешімінде.
Сонымен қатар Қазығұрт ауданына қарасты Қызылата ауылында да шектеу жарияланды.
"Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Қызылата ауылы Ә.Дәулетұлы көшесіндегі №94, 95, 98, 101, 104, 106, 110, 111 үйлердің аумағына мүйізді ұсақ малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", – делінген ашық талқыға шағарылған ауылдық округ басшысының шешімінде.