Түркістан облысында екі ауылдық округке табиғи газ берілді

669

Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі хабарлады.  

Түркістан облысында екі ауылдық округке табиғи газ берілді Фото: gov.kz

Түркістан облысында ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

Сауран ауданы, Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ берілді.

Табиғи газ беру жұмыстары Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның 30-жылдығы елді мекенінен басталды. Қалған елді мекендерде ретімен жалғасын табатын болады. Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ №16 Ескі Иқан автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі.

Аудан әкімдігімен "ҚазТрансГаз" АҚ елді мекендерге газ беру жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігер мекемелермен келісім-шартқа тұрып, құжаттарды түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу