Түркістан облысындағы Шардара қаласында екі баланы ит талап тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана арнасының хабарлауынша, 9-10 жастағы қыздар аудандық аурухананың хирургия бөліміне шұғыл жеткізілген. Оларға жарақатына байланысты ем тағайындалды.
"2014 жылы туған қыз бала тәуліктік стационарда. Жағдайы орташа ауырлықта, ал 2015 жылғы қыз бала жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, күндізгі стационарда емін жалғастырады. Бүгінгі таңда жағдайлары тұрақты, емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілуде", - деп мәлім етті Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу