Түркістан облысында 2 полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

175

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Түркістан облысында 2 полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды Фото: caravan.kz

ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Түркістан облысы ПД ӨҚБ бірлесіп, құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен Полиция департаментінің 2 қызметкерін ұстап, жауапқа тартты.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Күдіктілердің екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы ретте облыстық Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен екі қызметкер де теріс себептермен жұмыстан шығарылды, – деп атап өтті Ш.Алекешев.

Сонымен қатар, басқа да жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

– Ішкі істер министрі өз қатарымызды мұндай арам пиғылды қызметкерлерден тұрақты негізде тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыратыны туралы бірнеше рет атап өткен болатын. Антын сататын қызметкерлерге қарсы өзіміздің принципті ұстанымымызды мәлімдейміз, – деді ресми өкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу