Түркістан облысында екі жаңа мектеп салынады

424

Қазіргі таңда, жер телімі бөлініп, құжаттары әзірленді. 

Түркістан облысында екі жаңа мектеп салынады Фото: gov.kz

"Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында Кентау қаласында 1500 орындық 2 мектеп құрылысы жүргізіледі.

Жаңа форматтағы оқу орындарының ауқымды құрылысы кезінде қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және т.б. толық жабдықтармен қамтылады.

Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша 25 мектеп бар. Оның 23 мемлекеттік болса, 2-уі жекеменшік білім беру мекемесі. Қалада жалпы 20 055 оқушы білім алуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу