Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды

1246

Түркістан облысында полиция қызметкерлері 7 адам қаза тапқан жол-көлі оқиғасына байланысты тереуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды

Бүгін Созақ ауданының Екпінді-Бірлік автожолының 144-531 шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы хабарлама аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне сағат 11.20-да келіп түсті. Оқиға орнына бірден облыстық Полиция департаментінің криминалистері мен жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері "Лада-Приора" мен "Фольксваген-Гольфтің" соқтығысқанын анықтады. Оқиға орнында 2 жеңіл көлік жүргізушісі мен 5 жолаушы көз жұмды. Ал жарақат алған 1 адам аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған жайт аудандық сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың кім екенін, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу