Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде білім, медицина және спорт мекемелерінде экологиялық заңнама талаптарының сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында облыстағы 270 білім беру, 36 медицина және 56 спорт мекемесі экологиялық рұқсат құжаттарын уақытылы рәсімдемегені немесе жаңартпағаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта аталған мекемелерде объектілердің экологиялық санаттарын айқындау және қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.