Түркістан облысында экстремистік ұйымдарды насихаттаған азаматтар сотталды

118

Терроризмді насихаттап, экстремистік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін екі азаматқа сот үкімі шығарылды.

Түркістан облысында экстремистік ұйымдарды насихаттаған азаматтар сотталды Фото: ҰҚК

Тергеу барысында Жамбыл облысының тұрғыны 2024 жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде "Ислам үшін" атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған "Мұсылман бауырлар" және "Өзбекстан-исламдық қозғалысы" халықаралық террористік ұйымдарының бейнематериалдарын таратқаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында "WhatsApp" және "Facebook" әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет "Хизб-ут-Тахрир" діни экстремистік ұйымының бейнематериалдарын бөліскен.

Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеп, оларды бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкімдер заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу