Түркістан облысында электр станциясына күн панельдері орнатыла бастады

238

Бұл туралы "Самұрық-Энерго" компаниясы хабарлады.  

Түркістан облысында электр станциясына күн панельдері орнатыла бастады Фото: t.me/samrukkazynaofficial

Қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нысанда күн модульдеріне арналған іргетастарды орнату жұмыстары аяқталуға жақын және алғашқы фотоэлектрлік панельдер орнатыла бастады.

Сонымен қатар трансформаторға, энергия жинақтау жүйесіне және тарату құрылғысына арналған іргетастар салынып жатыр. Жабдықтарды жеткізу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жоба аясында 800 гектар аумақта жаңа буындағы шамамен 600 мың панель мен энергияны тұрақты өндіруге арналған энергия жинақтау жүйесін орнату көзделген. Инвестиция көлемі – 200 млн долларынан асады.

Электр энергиясының алғашқы өндірісі биыл желтоқсанның соңына жоспарланған, ал нысан 2027 жылы пайдалануға берілмек. Жобалық қуатына шыққаннан кейін станция жыл сайын 600 млн кВт·сағаттан астам таза электр энергиясын өндіріп, еліміздің оңтүстігіндегі энергия тапшылығын азайтуға және энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу