Түркістан облысында ер адам мен оның баласына қару кезенген күдікті ұсталды

864

Түркістан облысында ер адам мен оның баласына қару кезенген күдікті ұсталды

Түлкібас ауданының Жаскешу ауылында 26 жастағы жергілікті тұрғын "Оса" травматикалық қаруынан көршілеріне оқ атқан, деп хабарлайды 24kz.

Оқиға салдарынан 1994 жылы туған ер адам мен екі жастағы бала жарақаттанған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылып, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Күдікті мен зардап шеккен жігіттің арасында араздық болған.

1 қазан күні екі жігіт те жеке көліктерімен кетіп бара жатып, жолда кездесіп қалған. Сол бойда бір-бірін балағаттай жөнелген. Айыпталушы көлігінен "Оса" травматикалық тапаншасын алып шыққан. Оны көрген қарсыласы үйіне қашып барып тығылған. Алайда күдікті оның үйіне келіп, оған және үйдегілеріне оқ атқан. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу