Түркістан облысында газ құбырын күзету аймағында көлік өртенді

187

Оқиға бүгін таңертең болды.    

Түркістан облысында газ құбырын күзету аймағында көлік өртенді Фото: Видеодан скриншот

Төле би ауданындағы Абдулабад ауылында жол-көлік оқиғасынан газ құбырын күзететін аумақта автокөлік отқа оранған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Оқиға орнына жеткен мамандардың мәліметінше, автокөлік жерүсті газ құбырына соғылған. Құбыр зақымдалып, газ тұтанып, салдарынан көлік өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт жедел түрде сөндірілді", – деп мәлімдеді ТЖМ.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жағдайды оқшаулау мақсатында мамандар "Зератас" газ тарату стансасында газ беру уақытша тоқтатып, жедел жұмыстар жүргізді.

Қазіргі уақытта тұтынушыларға газ беру штаттық режимде жүріп жатыр.

Газ таратушы компания өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігі мен газбен жабдықтаудың тұрақтылығына басты басымдық беріледі. Қажетті техникалық жұмыстар аяқталған соң, нысан толық қалпына келтіріледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу