Түркістан облысында газ жарылып, екі адам қаза болды

224

Оқиға Шардара ауданы Жаушықұм ауылында болды.

Түркістан облысында газ жарылып, екі адам қаза болды Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жеңіл автокөлік автогаз құю станциясына соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Салдарынан резервуардан газ ағып, кейін газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болды. Кейін өрт жақын маңда тұрған көлікке ауысқан.

Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, үш адамды күйік шалды.

– Медицина қызметкерлері бір зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызды, екі адам медициналық көмекке өз бетімен жүгінді. ТЖД қызметкерлерінің күшімен өрт толық сөндірілді, – делінген ведомства ақпаратында.

3 науқастың бірі дене жарақатына байланыст жансаықтау бөлімінде қайтыс болды. Қалған екі науқас орташа жағдайдағы дене жарақатына орай хирургия бөліміне ауыстырылды. Медициналық көмек толыққанды көрсетіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу