Түркістан облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті

289

Олар Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді.  

Түркістан облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті Фото: Бейнеден

Түркістан облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Төле би ауданына қарасты Леңгір қаласында болды. Азық-түлік дүкенінде қысқа толқынды пеш қосылғанда газ жарылып, салдарынан ғимараттың қабырғалары құлаған.

Дүкендегі екі адамның беті күйіп шалған.

"59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған, ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Екеуі Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді", - делінген ТЖД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу