Түркістан облысында бірнеше көлік "Газель" жүк көлігін қуып, жолын бөгеген. Оқиғаға қатысты үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бадам елдімекенінде болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда бірнеше көліктің жүк көлігін қыспаққа алғаны көрінеді. Жүк көлігіндегілер өздерін мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ көліктердің қуып келе жатқанын айтып, көмек сұраған.
Түркістан облысының полициясы осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, үш күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде автокөлікке зақым келтіру және жолаушылардың біріне дене жарақатын салу деректері анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
Ведомство өкілдері кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын мәлімдеді.