Келес ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында үш жылдан астам халықаралық іздеуде жүрген 60 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел уәкілдер тиянақты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде іздеуде жүрген қылмыскерді Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты.
Күдікті 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуге берілген.
Тергеу барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бар екені толық дәлелденіп, жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу