Түркістан облысында "қайтарымсыз несие" алып беремін деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

462

Алаяқ 30 млн теңгеге жуық қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген  

Түркістан облысында "қайтарымсыз несие" алып беремін деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында ауыл тұрғындарын мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп 30 млн теңге қарызға батырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сауран аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған 40-тан астам ауыл тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала әрқайсысынан 300 мыңнан екі млн теңгеге жуық ақшаларын алған. Одан кейін алаяқ бір жыл бойы тұрғындарға берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.      

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жұмыссыз, түркістандық тұрғын болып шықты. 

Тергеу барысында ұсталған ер адам алдау жолымен алған 30 млн теңгеге жуық қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындады. 

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу