Бірден екі қар барысы Түркістан облысында фототұзаққа түсті. Жыртқыштар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында байқалды.
"Фототұзаққа сәтті түскен кадр. Қар барысы - мысық тұқымдастарының ерекше өкілі", - делінген хабарламада.
Видеода жыртқыштардың бірі тіпті камера алдында суретке түсетін сияқты.
29 сәуірде қысқы ұйқысынан оянып, серуендеп жүрген аю Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл қорығында камераға түсіп қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу