Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

571

 Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды Фото: Tengrinews

Наурыз айында Келес аудандық ПБ-ге жергілікті тұрғыны күндізгі уақытта оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне физикалық күш көрсетіп, қолдары мен аяқтарын байлап, жатын бөлмесінен 2 млн теңге ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын айтқан.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркеді.

Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын, күдіктіні ұстады. Ол әрекетін толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің серіктесі, Келес ауданының тұрғынын да анықтады.  

Қазір қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу