Түркістан облысында карантинге қарамастан көкпар ұйымдастырған

639

Карантин талаптарының бұзылу жайтын мобильді топ өкілдері анықтаған.  

Түркістан облысында карантинге қарамастан көкпар ұйымдастырған

Түркістан облыстық прокуратурасының мәліметінше, кезекті рейд кезінде 11 қараша күні Кентау қаласы, Қарнақ ауылына қарасты жайылымда “Көкпар” ойыны өтіп жатқаны анықталған. Ұлттық ойын додасына  200-ге жуық адам жиналыпты. Мобильді топ өкілдері көкпарға жиналғандарды дер кезінде тарқатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген.  

 "Адамдардың көптеп шоғырлануына жол берген көкпар тойының иесі мен ұйымдастырушысына  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы, яғни Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, айыппұл салынды" – деді облыстық прокуратурадағылар.   

СЭС мамандарының айтуынша, өңірде карантин кезінде санитарлық талаптарды елемейтіндер қатары азаймай тұр. Осыдан 5 күн, яғни 8 қараша күні де дәл осы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында көкпар өткізілгені анықталған болатын. Додаға 500-ге жуық адам жиналған. Құзырлылар бұл оқиғаны ғаламтор желісінен бір-ақ білген.  

Ол кезде де аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында облыс прокуратурасымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ұсыну енгізіліп, көкпарды ұйымдастырушы щдәкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу