Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Д. Қонаев көшесі бойында бейнебақылау камерасына түскен Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында көлік иесінің жалпы сомасы 432 мың теңге көлеміндегі айыппұлды төлемегені анықталды.
Атап айтқанда, ол 6 рет жылдамдық режимін асырғаны және жол қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Автокөлік айыптұраққа қойылып, иесіне заң аясында тиісті шара қолданылды.
Сонымен қатар "Қорғау" бағдарламасы арқылы бейнекамераға түскен тағы бір көлік анықталды. Kia автокөлігігің иесінің шамамен 50 мың теңге көлемінде берешегі бар болып шықты. Полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін жүргізуші қарызын толық өтеді.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларға әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді.