Түркістан облысында қарызы бар көліктер дронмен анықталып жатыр

306

Жыл басынан берешегі бар 2500-ден астам автокөлік айыптұраққа қойылған.  

Түркістан облысында қарызы бар көліктер дронмен анықталып жатыр Фото: polisia.kz

Түркістан қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дрондар мен "Қорғау" жүйесін тиімді пайдаланып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заманауи технологиялардың көмегімен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысын бақылау және күдікті әрекеттерді дер кезінде анықтау мүмкіндігі едәуір артты.

Атап айтқанда, әуеден жүргізілген бақылау барысында 190 мың теңге көлемінде айыппұлы бар Changan автокөлігі анықталып, айыптұраққа қойылды. Аталған көлік иесінің құқық бұзушылықтарының басым бөлігі жылдамдықты арттырумен байланысты. Сонымен қатар Chevrolet Monza автокөлік ең ірі берешегі бар көлік ретінде тіркелді.

Жыл басынан бері берешегі бар 2500-ден астам автокөлік айыптұраққа қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу